ОҚО-да қаскөй 3 жасар жиенін азаптап өлтірді

Мынау – Максимнің көзі тірісінде түскен соңғы суреті. Көз алдарындағы ерке баланың қазір жоқ екеніне туыстары мен көрші-қолаңы әлі сене алмай жүр.

Анастасия Пасечная, Максимнің туысы:

-Евгениймен бір аулада тұрғанбыз. Бірнеше жыл бұрын көшіп кетті. Үнемі ашуланып, сәл нәрсеге төбелес шығарып жүретін. Көшіп кетсе де, осындағы туыстарына үнемі-келіп кетіп тұратын. Максимнің анасымен туыс болған соң, үйіне алып бара жатқанына да таңқалғанымыз жоқ.

Максимді Шымкентте тұратын анасынан бірнеше күнге сұрап алып, қала сыртындағы үйіне алып келіпті. Тек, көп ұзамай баланың қарны ашып, әрі анасына қайтқысы келіп жылай бастаған. Сәби дауысы жүйкесіне тиген соң, Евгений жиенін әуелі аяқ-қолын сындырып, сонан соң зорлаған. Мұнымен де тоқтамай жалаңаш шешіндіріп ыстық пешке отырғызыпты. 3 жасар сәби азапқа шыдамай өліп кеткен.Баланы екі тәулік қинап өлтірген соң нағашы ағасы оны үйінен екі жүз метр жердегі сайға әкеледі.


-Осы жерден шұңқыр қазып, денені осында көме салған. Сол қанды оқиғаның айғағы ретінде мұнда шұңқыр мен баланың бас киімі әлі жатыр.

Евгений Бойконың кішкентай кезінен басы ауырады екен. Мұндай айуандығын әпкесі ұстамасымен байланыстырып отыр.  Ал 8 жылдан бері бірге тұратын көршілері бұл шаңырақтың үйінде өмірі береке болмаған дейді.

Балжан Бөртешова, Шұбарсу ауылының тұрғыны:

-Ішеді тынбай, үйінде көп ұрыс-жанжал болады. Осы жағдайдан кейін балдарды үйден шығаруға қорқып қалдым.

Қазір қамауға алынған жігіттің ақыл-есінің дұрыстығы тексеріліп жатыр. Қалай болған күнде де оның жуық арада бостандыққа шығарылмасы анық. Бірақ мұндай айуандыққа барғанынан шошыған Максимнің туыстары оны түрмеден мүлдем шықпауын тілеп отыр.