ОҚО-да қирап қалған шойын жол әлі жөнделіп жатыр

56 вагонның 30-ы рельстен тайып, бірнеше цистернаға тиелген улы химикат Көкбұлақ ауылының іргесіне төгіліп, жұртты көшіруге тура келген. Аумақты қираған вагондардан тазарту жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Ал төгілген күкірт қышқылының зардабы жойылды дейді атқамінерлер. Бірақ, ауыл іргесінде аударылған цистерналарды алып кетуге әлі асығар емес. Өткен дүйсенбі күнгі апатта қалааралық бағыттағы пойыздар бірнеше сағатқа кешіккен болатын. Бүгін қатынас қайта жанданды. Оқыс оқиғадан кейін туыстарын жағалап кеткен Көкбұлақ ауылының ересек тұрғындары да үйлеріне қайтып жатыр.


Гүлнұр Үркімбаева, Көкбұлақ ауылының тұрғыны;

-Кәдімгідей жүректі айнытып, басымызды ауыртты. Сонымен бүгін ешқандай иіс жоқ, таза.