ОҚО-да Сенат депутаттығына сайлауда Ә.Бектаев басым дауысқа ие болды

ОҚО әкімі орынбасарының ҚР Парламенті Сенатына депутаттар сайлауында көп дауыс жинағаны жайлы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Торғауытов хабарлады.

«Оңтүстік Қазақстанның 238 депутаты Әли Бектаевқа дауыс берді. 1 бюллетень жарамсыз деп танылды. Барлығы сайлауға 312 депутаттан 307-і қатысты», - деп хабарлады ол.

ҚР Парламенті Сенатына бастапқыда ОҚО-дан 5 үміткер тіркелген. Кейін олардың үшеуі өз қалауларымен кандидаттықтан бас тартты.

Бақылаушылар ОҚО-дағы сайлауда ешқандай заңбұзушылықтардың орын алмағанын айтты.