ОҚО-да шәкіртін өлімге итермелеген ұстаз сотталды

Осыған шыдамаған оқушы ақтық хатында мұғалімін кінәләйтінін жазып, асылып өлген еді. Осыдан кейін Сайрам ауданына қарасты Көлкент ауылының тұрғындары мұғалімнің жұмыстан кетуін талап етті. 1 жыл бойы істі қараған аудандық сот ақыры Османалиеваны кінәлі деп тауып, зейнет жасына жақындап қалған ұстазды 2 жылға соттады. Жеңіл жазалануына оқушы қыздың каникул кезінде асылып қалғаны түрткі болыпты.