Талай ақынның жырына арқау болған Қасқасу шатқалы енді табиғатымен ғана емес, тау шаңғы курортымен де аты шығатын болды. Жалпы Қасқасуда курорт саламыз деген арман ондаған жылдар бойы биліктегілердің жоспарында болғанымен іске аспай келген еді.
-Қасқасу, Сайрам Өгеммен Машат сынды табиғаты қайталанбас орманды шатқалдар тұрған Ұлттық бақ аумағы тау шаңғы базасын орналастыруға таптырмас жер. 25 жыл бойы экология саласын зерттеген халықаралық ұйымдар осындай қортындыға келіпті. Және ең бастысы бұл жердің табиғатына титтей де зиян келмейді екен.
Шаңғы базасына әуелі Шымкент пен Қасқасуға дейін электр пойызы жүреді: Автокөліктер үшін де арнайы жолдар салынып, жұрт аспалы жолмен де қатынайды. Инфрақұрылымдарды реттеуге мемлекет әуелі 3 миллиард теңге жұмсалса, кейін шетелдік инвесторлар 11 миллиард теңгені шаңғы базалары мен қонақүйлер салуға жұмсамақшы.
Жасұлан Төлебеков, ОҚО туризм басқармасының бас маманы:
-Канаттық жолдар осы болса төменнен бастап, бірінші кезеңі, анау көріп тұрған талдарға дейін жетеді. Екінші кезеңі сол талдардан бастап тау шыңдары қар тұрған жерлерге дейін болады.
Қымбат жобамен айналысып жатқандар 8 жылдың ішінде ол өзін-өзі ақтайтынына нық сенімді. Айтуларынша, соңғы 2 жыл ішінде Оңтүстік Қазақстанға турист болып келгендердің саны екі есеге өсіпті. Сонымен қатар Орталық Азия мен көршілес облыстардан осында келіп демалуды қалайтындардың қарасы да көбейген.
Райымбек Жолдас, ОҚО туризм басқармасының басшысы
-Бізде Төлеби ауданында тау шатқалдарында 5-6 айға дейін қар жатады. Ол жақта 30-35 градус ыстық боп тұрған кезде ол жақта әлі қар жатады. Сондықтан да өте сұраныс көп.
Биылғы жылдың басында тіпті шетелден келген шаңғышылар инфрақұрылымы жоқ болса да Қасқасу шатқалында шаңғы теуіп, мәз болып кеткен еді. Кәсіпқой шаңғы базасын салуға таптырмас жер екен деп те мақтап кеткен. Сондықтан, 2018 жылы Қасқасу тау шаңғы базасы Оңтүстіктің нағыз жауһарына айналалмақ.