ОҚО-да шаршы алаңда қарсыласымен төбелесе кеткен боксшы қыз жарыстан қуылды

Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірім қыздар арасында өтіп жатқан ашық біріншілікте жанжал шықты, - деп хабарлайды Ernur.kz. Шаршы алаңға шыққан жас қыздардың бірі басындағы шлемін шешіп тастап, қарсыласын төпелей жөнелген.Көк киімді қыздың бұл оқыс әрекетіне абдырап қалған төреші қыздарды бұрыш-бұрышқа ажыратып жіберді. Турнир төрешілері ережеге бағынбағаны үшін боксшыны сайыстан шеттетті.