ОҚО-да шөп тиелген 10 жүк көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды

Полицейлер анықтағандай, өртенген көліктер бір емес, бірнеше адамға тиесілі болған. Олардың бәріне сатуға арналған шөп тиелген екен. Қаскөй сол шөпті өртеп, тез тұтанған жалын артынша барлық көлікті шарпыған.

Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-бөлігімен (Бөтеннің мүлкін қасақана жою) іс қозғалып, күдіктіні ұстау шаралары жүргізілді. Кейінірек анықталғандай, жәбірленушілерге 9 миллион теңгенің шығыны келтіріліпті.

Күні кеше полицейлер осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғынды қолға түсірді. 1990 жылғы азамат азір қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.