Көз жұмған қыздың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Марқұмның оқуы орташа болған. Тәртібі мінсіз Гүлназ ешкіммен дауыс көтеріп те сөйлеспейтін дейді ұстаздары. Әке-шешесі ажырасып кеткен соң, Төлеби ауданына қарасты Екпінді ауылында қарт әжесімен бірге тұрған екен. Ата-анасының ажырасуын ауыр қабылдап жүріпті. Жақында ғана психология пәнінде жазған шығармасында өмірге деген құлшынысын жазып, дәрігер болғысы келетінін жеткізген. Педагогтар қыздың өзіне қол жұмсауын отбасындағы осы жағдаймен байланыстырады.