ОҚО-да сұйық отын тапшылығы басталды

Қайыпбек Қамбаров, ОҚО Жанармай бекеттері қауымдастығының

президенті:

- Барлық жағынан жетіспеушілік бар. Ең азы, осы айға министрліктен  бөлінген  дизель отыны. Ашық рынокка, АЗС-терге 2300 тонна ғана бар. Мұндай бірінші рет болып тұр.   Ауыл шаруашылық  өнімін өндірушілерге, ашық рынокқа бөлек бөлген.   

Тапшылықтан кейін кейбір жанармай бекеттері бағаны өз білгендерінше қойған. Мәселен, АИ-80 маркалы бензин мен дизель де 20, АИ-92 - 15 теңгеге бір-ақ көтерілді. Бұл жағдайды жанармай құю станциялары жазғы орақ науқанымен байланыстырып отыр. Қымбаттау үрдісіне себепкер болған ірі монополистердің бірінің өкілдері «бағаны көтеруден басқа амалымыз қалмады»дейді. Себебі:көтерме бағаның өзінде АИ-92 бензині 105 теңге, АИ-80 маркасы 97 теңгеге дейін қымбаттаған. Сондықтан билік өкілдері бекіткен бағамды өз беттерімен бұзған олар енді жанармай құнын «қайта түсірмейміз»деп отыр.


Денис Трандафилов
, «Гелиос» ЖШС маркетинг және сату ісі бойынша директоры:

- Үкімет қазір бөлшек сауданы қадағалап, көтерме бағаға бақылау жасамайды. Олар бекіткен бағамен сатсақ, шығынға батамыз. Басқа жанармай бекеттерінің бағаны не үшін көтермей отырғанына таңым бар. Бірақ,біз заң шеңберінде әрекет еттік. Бұдан басқа себеп жоқ.