ОҚО-да танымал кәсіпкер қоластындағы қызметкерін өлімші етіп сабап тастады

Тахир Тақтақожаев көгала қойдай болған денесін таңертеңнен бері үзілмей келіп жатқан тілшілерге жалықпай айтып жатыр. Киім сататын дүкендер желісінде әкімші болып 1 жылдан астам жұмыс істепті. Осы уақыттың ішінде әрі жездесі әрі жұмыс берушісі жалақысының бір бөлігін ұстап келген. Қанша айтса нәтиже шықпаған соң Тахир 200 мың теңгені бастығына білдірмей қымқырыпты. Мұны біліп қойған басшы көмекшісімен бірге мұны қаланың сыртына алып барып әбден қинаған.

Тахир Тахтақожаев, жәбірленуші:

-Әуелі кабинетінде ұрды. Кейін көмекшісіне тепкілетті. Мұнымен қоймай қала сыртындағы саяжайына апарып қамап қойды. Ол жерде 5 күн бойы көмекшісі Мақсат екеукі қосылып сабады. 5-ші күні келіп сені зорлайтын адамдарды шақырттық дейді. Мұны естіген соң күш қайдан келгенін білмеймін әйтеуір сытылып қаштым.

Ары қарай оқиға Голлливуд фильмдеріне бергісіз өрбіпті. Әуелі өзенге секіріп қашқан Тахирды бастығы мен көмекшілері қуған. Өзеннен жүзіп өтіп, даламен қашқан Тахир бейтаныс адамның телефонымен дос-туыстарына хабарласып содан аман қалдым дейді. Полицейлерге жазған арызынан соң бастығы Бақытбек Нұрманов ұсталыпты. Ал, көмекшісіне іздеу жарияланған.

Хали Маматаев,  Әл Фараби ауданының прокуроры:

-«Дефиле» сауда дүкендерінің басшысы анықталып сол 8-і күні ҚР ҚК-нің 131 бабына сәйкес сезікті ретінде ұсталған. Қазіргі таңда сол азаматтың бұл іс бойынша тек қана бірінші жағдай еместігі тергеу барысында анықталған. Ол бойынша қазір арыздар түсті тағы да.

Үш бірдей бап бойынша іс қозғалғанымен дүкендер желісінің басшысы темір торда емес, үй қамақта отыр. Мән-жайды сұрап барған тілшілермен кәсіпкердің өзі емес анасы есіктің аржағынан тұрып сөйлесті.

-Туысқан баламыз ғой негізінде. Туысқандар өз арасында келісуге болады ғой. Бала ғой, балалық қылған шығар. Ал, оны таудай қылып. Енді өздері сөйлеспейді ма?. Заңға бағынады ғой.

Қазір жәбір көрген Тахир Тахтақожаев та, белгілі кәсіпкер Бақытбек Нұрмановта адвокат жалдап алдағы сотқа дайындалып жатыр. Егер бұл іс сотқа жетсе процесстің шулы болары сөзсіз. Ал, әзірге 27 жастағы Тахирді полицейлер күзетіп жүрсе, прокурорлар Нұрмановты үйқамақтан абақтыға ауыстыру мәселесін көтеріп жатыр. 

Loading...