ОҚО-да тауға шыққан әйел құлап өлді

Жекеменшік компанияның 20 қызметкері демалыс күндері табиғат аясына барып, сергіп қайтпақшы болыпты. Екі күн бойы жаған жаңбырға да қарамаған. Сөйтіп, тауда серуен құрып жүргенде 61 жастағы әйелдің аяғы тайып кетіп, құлаған. 15 метр биіктіктен құлдилаған ол сол жерде жантәсілім етті. Бухгалтер болып жұмыс істеген әйелдің денесін әріптестері өздігінен алып шыға алмасын түсінген соң, құтқарушыларды шақыртқан. 

Loading...