1-2 пәннен төрті болмаса, кілең бестікке оқыған Гүлдана ұстаз болуды армандаған екен. ҰБТ-ға дейінгі сынама тестілерде үнемі 85 баллдан төмен жинамаған оқушы, сынақтың өзінен 73 ұпай жинапты. Бірақ, мұғалімдер суицидті тестпен байланыстырып отырған жоқ. 17 жасар қыздың оқыс қадамға бару себебін енді полицейлер тексермек.
Динара Оразова, Жусансай жалпы орта мектебінің психологы:
-Ол тестке кірердің алдында да, шыққанда да көңіл-күйі жақсы болды. Жақсы тапсырдым деп, шыққанда құттықтадық. Ешқандай қорқыныш мазасыздану болған жоқ.
Loading...