ОҚО Созақ аудандық ІІБ бастығының орынбасары Олжас Амандықов мас күйінде Шолаққорған ауылының тұрғыны Елнұр Ибрагимовтың үйіне түн ортасында баса көктеп кірген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Бұл туралы фейсбуктің Фонд борьбы с КОРРУПЦИЕЙ тобында Марат Т.а. есімді желі қолданушысы жазып, видео жүктепті.
Оның жазуына қарағанда, өзара кикілжіңге барған полиция бастығының орынбасары пышақпен үй исенің қолын жарақаттаған. Онымен шектелмеген тәртіп сақшысы көлігінен бейсбол таяғын алып, соққы жасамақ болған көрінеді. Бірақ араға көршілері түсіп, ажыратуға тырысқан. Видеода үй иесі қолынан пышақ жарақатын алғанын айтып көрсетеді. Арнайы шақырту бойынша оқиға орнына жеткен Созақ аудандық ІІБ қызметкерлерін ішіп алған Олжас Амандықов қуып жіберген көрінеді. Сондай-ақ, Елнұрдың қарындасы да пышақ жарақатын алған. Дегенмен қазір полиция қызметкерлері оларға ешқайда шағымданбауды өтініп, дәрігерлік тексеруден өткізуге тыйм салып жатқан сыңайлы.
ЕСКЕРТУ: Видеода бейәдеп сөздер бар!