ОҚО-да видеоға түсіп қалған жол полициясы мен жолаушының қақтығысы тексеріліп жатыр

ОҚО-да полицейлердің жолаушымен қақтығысы түсірілген видеоға қатысты тексерe жүріп жатыр, - деп хабарлайды Caravan.kz  ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, бүгін әлеуметтік желіде көлік жүргізуші мен жол полициясы қызметкерлері арасында болған қақтығыс жайлы видео пайда болды. Онда полиция қызметкерінің ашуға беріліп, былапыт сөздер айтқаны анық жазылып қалған.