ОҚО-да жанармай бекетіне шабуыл жасалып бір адам қаза тапты

Қараспан ауылындағы станцияға түн ішінде бетперде киген бірнеше адам баса көктеп кіріп, кассадағы 600 мың теңгені алып кеткен. Бұл кезде бекет ішінде кассир, күзетші және жанармай құюшы болыпты. Қаскөйлер осы үш адамға оқ жаудырған. Салдарынан 26 жастағы кассир - Үмітжан Мырзабеков оқиға орнында мерт болды. Марқұмның артында екі бүлдіршіні қалыпты. Айта кетерлігі, бұл бекетке шабуыл осымен үшінші мәрте жасалыпты. Тек бұған қарамастан күзетшіде қару болмаған, ал бекетке бейнекамера орнатылмапты. Сондықтан, шабуыл жасаушылардың нақты саны белгісіз. Қазір дәрігерлер оқ тиген екеудің өмірі үшін арпалысып жатыр.

Loading...