ОҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды


Күре жолдың бойымен жүйткіген екі жеңіл көлік бетпе-бет соғылыпты. Соққының қатты болғаны сонша Аудидің сау-тамтығы қалмай, тіпті қозғалтқышына дейін бөлек жатыр. Бүктеліп қалған осы көліктегі 3 жолаушы мен жүргізуші тілге келместен жан тапсырды. Ал Мерседес тізгініндегі 25 жастағы азамат дін-аман. Қазір ол қамауға алынды. Өйткені, алдын-ала болжам бойынша, дәл осы жігіт жылдамдықты шамадан тыс арттырып қарсы бағытқа шыққан.