ОҚО-да жас жігіт пойыздың астына түсіп қаза тапты

Қайғылы оқиға  20 маусым күні орын алды. Манкент станциясында ОҚО Сайрам ауданының 16 жастағы тұрғынын маневрлік пойыз басып кетті. 

"Қайғылы жағдай зардап шеккен адамның «қауіпсіздік ережелерін сақтамау» салғырттығынан орын алған. Оқиға орнын қарау барысында жасөспірімнің алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмғаны анықталды", — деп атап өтті ведомствода. 

Аталған факт ҚР ҚК-нің 344 бабының 2 тармағы (Темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.