ОҚО-да жасөспірім өзінен бір сынып жоғары оқитын оқушыны пышақтап өлтірді


10-сыныптың оқушысын пышақтап тастады.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше оқиға сәрсенбі күні мектептің үшінші қабатында болған.
Жасөспірім үйден пышақ алып келіп, оныншы сынып оқушысын кеуде тұсынан пышақтаған көрінеді. Зардап шегуші ауруханаға жетпей көз жұмды.