ОҚО-да «Жылдың үздік педагог-психологтары» марапатталды

25 желтоқсан - психологтар күніне орай шығармашыл, талантты және кәсіби құзыреттілік деңгейі жоғары педагог-психологтарды айқындау, оларға қолдау көрсетіп, ынталандыру мақсатында тұңғыш рет «Жылдың үздік педагог-психологтары номинациялары» байқауы жарияланып, облыстық іріктеу комиссиясына аудандық, қалалық білім бөлімдерінен барлығы 41 жұмыс түсті.

Комиссия мүшелері үміткерлердің еңбектерін Ережеге сәйкес қарап, «Жылдың үздік педагог-психологы», «Ұлағатты педагог-психолог», «Жаңашыл педагог-психолог», «Тәжірибелі педагог-психолог», «Ізденімпаз педагог-психолог», «Шығармашыл педагог-психолог» аталымдарына лайықты мамандарды анықтады.

Облыстағы педагог-психологтардың басын қосқан «Жылдың үздік педагог-психологтары» номинациялары иегерлерін салтанатты түрде марапаттау жиыны өткізілді. Салтанатты жиынды облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары С.Әуесханов өзінің құттықтау сөзімен ашып, білім саласындағы облыстық, республикалық, халықаралық жетістіктерге тоқтала келе, педагог-психологтардың да сол жетістіктерге қосқан өзіндік үлестерін атап өтті.


Шара барысында 18 жеңімпазға облыстық білім басқармасының арнайы дипломдары тапсырылды.