Нан қымбатшылығын шешу үшін жергілікті билік облыс қазынасынан 200 миллион теңге бөліпті. Алайда, бұл қаржы ас атасының құнын екі ай ұстап тұруға ғана жетеді екен. Бүгіннен бастап, әлеуметтік нан дүкен сөрелерінде 35 теңгеден сатылады деп мәлімделген еді. Бірақ, бұқара нанды әлі 40 теңгеден алып жатыр. Өйткені, арзандатылған ұнды наубайханаларға жеткізіп үлгермеген. Сондықтан әкімдік нанның бағасы тұрақтанғанша, 35 теңгеден аспасын деген хабарландыру таратқан. Бірақ, сатушылар қала басшылығының бағаны бір ізге түсірмей жатып, базар нарқына араласып жатқанына наразы болып отыр.
Мүбәрәк Қазақбаева, сатушы:
- Бүгіннен бастап ақ нан 33 теңгеден болады деді. Қара нан 35 деді. Біз енді 2 теңге қойып үстіне 35 теңгеден сатуымыз керек екен. Мен 2 теңгеге салық төлеймін бе, патент төлеймін бе, жергілікті салық беремін бе, пакетке төлеймін бе, үйге ақша алып барамын ба бала-шағама?40 теңгеден сата беремін.