“Оқуға түсе алған жоқпын”: Асхат Айтмағамбетов басынан өткен қиындықтарын айтты

Бұл туралы Caravan.kz порталы жариялайды.

" Құрметті түлектер!
Міне, оқу жылы өз мәресіне жетті.
Бұл оқу жылы бүкіл әлемдегі оқушылар мен студенттер үшін оңай болған жоқ.

Әлемдік білім біру жүйесі пандемия сынды үлкен сынақтан өтті. Біз мұғалімдермен бірлесе отырып білім беру жүйесіне жаңа дем беріп, оларға барынша қажетті жағдай жасауға тырыстық.

Сіздер оқуларыңызды аяқтап жатырсыздар.
Кейбір түлектер жоғары оқу орындарына немесе колледждерге түссе, енді біреулері жұмыс істейді.

Қалай болса да, алдағы уақытта сіздерді жаңа мүмкіндіктер мен жаңа өмір белестері күтіп тұр.

Мектеп бітіріп жатқан кезім әлі есімде. Үлкен өмірге қадам басар алдындағы қорқыныш, уайым, күдік, жоспарлар мен болашаққа деген үміт.
Ол кезде іс жүзінде бәрі басқаша екенін түсінбеген екенмін. Тіпті, мен ойлағаннан да оңай екен деп айтуға болады.
Осыған орай өз тәжірибеммен бөліскенді жөн көрдім.

Біріншіден. Ешқашан қиындықтарға мойымаңыздар. Көздеген мақсатыңа жету жолында әлдебіреудің айтқанына ермей, тура жолдан таймау керек.
Басымнан өткен бір оқиғаны айтып берейін.

Диплом алғаннан кейін екі апта өткен соң мәслихат депутатығына сайлау өтетіндігі туралы хабарландыруды көзім шалып қалды. Достарыммен ақылдасып, сайлауға қатысуға бел будым.

Қолында өтініші бар 21 жастағы жігітті көрген сайлау комиссиясындағы мамандар маған күле қарады. Қарсыластарымның да маған деген көзқарасы сондай болды.

Сайлаушылармен алғашқы кездесулерім де есімде. Жас баланың депутаттыққа үміткер екенін көргенде сайлаушыларымның жартысынан көбі теріс айналған болатын.

Штабымнан басқа ешкім менің жеңіске жететініме сенбей, бәрі бұл мүмкін емес деумен болды.

Кәсіпкерлер, жетекшілер және танымал қайраткерлерден тұратын 11 қарсыласым болса да, еңбек және жеңіске деген сенім арқылы кешегі студент, қарапайым жігіт осы сайлауда жеңіске жетті. Ал 4 жылдан кейін қайта сайландым.

Шын мәнінде бұл сайлаудан ұтқаным көп болды. Сайлаушылардың сеніміне ие болып, өз күшіме деген сенімім де нығая түсті.

Сондықтан адам баласы өз күші мен арманына сенуі керек. Құласаң да қайта тұрып, алға ұмтылуға тырысу керек.

Естеріңізде болсын, тағдыр мақсаты айқын және алған бетінен қайтпайтын адамдарды жақсы көреді." - деп сөзін аяқтады.