Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Ватсап желісі арқылы тараған мына ақпарат ата-аналардың ашуын туғызды. Себебі, баланың байқауға қатысып, 3 минуттық өлең оқуы 15 мың теңгені құрап отыр.
Орталыққа хабарласып, шағымдарын жеткізген ата-аналардың айтуы бойынша, оқушы төлеген ақшадан "Жас Дарын" дарынды орталығы байқау өтетін орынның арендасы мен мұғалімге берілетін төсбелгі және оқушыға берілетін сыйлықты (кітап, блокнот) сол оқушы есебінен, яғни, 15 мың теңгеден жұмсалады екен.
Алматыдағы ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, мұндай баға 2 жылдан бері бекітілгенін және бұл бағаны Астанадағы басшылардың бекіткенін айтты.
Төмендегі ақпаратта көрсетілгендей:
Бейнелеу, қолөнер, шығарма - 8000 теңге
Көркемсөз, вокал, би, аспаптық шығарма жеке - 15 000 теңге
Дуэт, трио, ансамбль 25 000 теңге