Оқушы қызды зорлап, артынан орға көміп кеткен азғын ұсталды


Із-түссіз кеткен Анастасия Шарипова тәртіп сақшылары, еріктілер мен ауылдастары жарты айға жуық іздеген. Бірақ ешқандай нәтиже болмаған еді. Қаза тапқан қыздың денесі осыдан 2 күн бұрын ғана үйіне жақын маңнан табылды. Ал бүгін азғынның кім екені анықталып отыр. Ол марқұмның өз ауылдасы 20 жастағы жасөспірім болып шықты. Оқушының мүрдесі табылған сәттен бастап көршісі өз үйіне жоламай қашып жүріпті. Тәртіп сақшылары оны Астанаға қашпақ болып жүрген кезде қолға түсірген.