Оқушы қызға ағайы арам оймен тиіскен

Ал мектеп басшысы 23 жастағы жігітті қызыл дипломына қызығып жұмысқа алғаннын айтады, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Дегенмен, тәртіп сақшыларына сегіз жасар қыздың ата-анасы шағым түсірді. Олар ағайының оқушыға арам оймен тиіскенін жайып салыпты. Әйтсе де, педофилден жәбір көрген жеткіншек мектепке келіп жүр. Оны мектеп психологтары бақылауға алыпты.

"Ата-аналардың бірінің мұғалімнің үстінен арыз түсіргенін білеміз. Оны сол күні тәртіп сақшылары тергеуге алды. Қазір оқытушы қызметінен аластатылды. Енді одан әрі не болатыны тексеру қортындысына байланысты" дейді мектеп директоры Әліби Латып.