Оқушылар президенттік тест тапсырды

Бұл акция Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне арналған іс-шаралар аясында өткізілді. 6-30 қазан аралығында 5, 9 және 11 сынып оқушыларын «Президенттік тест - оқушылардың дене тәрбиесі дайындығының көрсеткіші» ұранымен тесті жарысы ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастырушылар - «Шыңғыс» балалар және жасөспірімдер орталығы мен Астана қаласының Білім басқармасы.

Бірінші кезең өтіп, оған елорданың 30 мектебінен 180 оқушы қатысты. Күш-қуаты жағынан дайындықтарын оқушылар 9 дене жаттығуы бойынша көрсетті.

Айта кетерлігі, жастар үшін тест дайындығына екі - Президенттік деңгей және ұлттық дайындық деңгейі енгізілді.

Жеңімпаздарды марапаттау 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент Күнін мерекелеу кезінде «Астана Арена» стадионында өтеді.