Осымен алтыншы рет өтіп отырған шара барысында көрме де ұйымдастырылыпты. Мұнда физика, техника, биология саласымен қатар қолданбалы өнердің жетістіктері де бар. Түбітті өңдеу арқылы жасалған қазақы киімдер мен жылжымалы киіз үй ұлттық құндылықтардың заманға сай нұсқасы сынды. Ал, физика-математика мектебінің 8 сынып оқушылары су тазартқыш сүзгінің балама түрін ойлап тапқан екен. Айта кетсек, биыл Тұңғыш Президент қоры жанындағы ғылыми кеңесте 44 жас ғалым оқу грантына ие болған.