Оқушылар уланған «Далал» атты араб иіссуы сауда айналымынан алынып тасталуы мүмкін


Бұл туралы 31-арна хабарлады  Айта кету керек, Шетпе ауылында ел арасында "мұсылман иіссуы" аталып кеткен әтірді қолданған оқушылар ауруханаға түскен болатын. Алшын Меңдатұлы атындағы орта мектептің 6-сынып оқушылары косметикалық бұйымды дүкеннен сатып алып, сабақ үстінде кезекпен сепкеннен соң, өздерін нашар сезіне бастаған еді.

Алты оқушының денсаулығына зиян келтірген араб әтірі сараптамаға жіберілді. Қорытындысы ертең дайын болады. Қазір жергілікті прокуратура өкілдері «Ясин» дүкеніндегі барлық тауарды тексеріп жатыр. Тіпті оқыс жағдайдан кейін дүкен қожайыны жауапқа тартылады деді, - мамандар. Ал облыстық білім басқармасы бұдан былай балаларға мектепке косметикалық бұйымдарды алып кіруге қатаң тыйым салды