Оқушылар жаппай менингитке шалдығуда

Ата-аналар мектепте жұқпалы ауру пайда болғанын балаларынан естіп жиналған. Басшылықпен кездесіп мән жайды білмек үшін. Алайда мектептегілер СЭС қортындысынан кейін сескенуге себеп жоқ деп онсыз да қобалжып тұрғандардың қытығына тиді.

- Қалай тексерді? Осымен үшінші рет менингит шығып отыр. Мектеп карантинге жабылсын.

Юлия Чучелова, Қарағанды қаласының тұрғыны :

Шу көтермеңдер дейді. Олай болса бізге түсіндіріп қаупі жоқ болса жоғын бар болса қалай сақтану керектігін айтпай ма?Бала үшін алаңдамайтын ата-ана жоқ. Оның үстіне менингит деген ойыншық емес.

Ауру белгілері оқушылардың күзгі демалысынан кейін байқалыпты. 3-ші сыныптың оқушысы өзін нашар сезініп  кейін менингит диагнозымен аруханадан бір-ақ шыққан. Алғашында мән берілмегенмен бір аптадан соң тағы бір оқушы тағы бес күн өткесін 3-шісі ауырыпты. Алайда диагнозбен танысқан СЭС мамандары алаңдауға себеп жоқ деп бейқам отыр.


Гүлжан Байқұтанова, Қарағанды облыстық мемлекеттік санитарлық қадағалау басқармасының бас маманы:

-  Аталған инфекция бойынша карантин енгізе алмаймыз. Біз тек жаппай ауру болғанда ғана білім басқармасына ұсыныс жасаймыз. Әзірге ондай ұсыныс жасатындай қауіп көріп тұрғамыз жоқ.

Мына мектептен 3 баланың бірінің артынан бірі осы дертке шалдығуы СЭС мамандарын алаңдатып отырған жоқ. Өйткені бұл менингиттің жеңіл түрі екен. Ол ауамен емес, тағам арқылы және ластанған әжетханадан жұғатын көрінеді. Осылай деген СЭС мектептің санитарлық жағдайын тексеруге жарты айдан кейін оның өзінде ата-аналар дабыл қақасын ғана кіріскелі отыр.