44 жастағы келіншек Меркі ауданындағы орта мектепте 9 жылдан бері ағылшын пәнінен сабақ береді. Оқушының сауатын ашудың орнына, есірткі саудалаған ұстаздың өзі екі баланың анасы екен. Ол, 6 сыбайласымен бірге ұсталған. Қылмыстық топтың жетекшісі мұғалімнің азаматтық некедегі күйеуі. Қолына кісен салынғандардың екеуі Тараздың, бесеуі Меркі ауданының тұрғындары.