Оқушыны зорлаған педофил сотталды


Алматыда туылған Андрей былтыр Ресейдің Майкоп қаласында тұратын ата-анасының жанына көшіп барған екен. Жергілікті православия гимназиясына жұмысқа тұрып, туристік үйірме жетекшісі болып жұмыс істепті. Бірақ былтыр қарашаның 13-інде оқушылардың бірі оның үстінен арыз жазып, зорлады деп айыптаған. Ұстаздың қолына сынып ішінде кісен салынып, сол күні кешке ол кінәсін мойындапты. Кейін өз сөзінен айныған Шишков апелляциялық шағым да жазған. Оның адвокаттары тергеу амалдары біржақты жүргізіліп, қылмысты дәлелдейтін бірде-бір дәлел жоқ деп отыр. Сондықтан Шишковтың жақындары заңгер жалдау үшін ақша жинауды жалғастыруда.