Жиында жаңа үлгіде арнайы білім беру, педагог-дефектолог даярлау кезінде ҚазМемҚызПУ пайдаланатын оқытудың инновациялық технологияларының өзекті мәселелері талқыланды.
«Қазақстанда 39 инклюзивті балабақша бар, онда 315 топ жұмыс істейді. Бұған қоса, 106 инклюзивті мектептегі 1219 сыныпта жалпы 25 мың бала қамтылған. Басқа елдермен салыстырғанда, біздің оқытушылар мүмкіндігі шектеулі балалармен суық қарым-қатынас ұстайды. Оқытушы ең алдымен өз мамандығын жақсы көру қажет, мүмкіндігі шектеулі балалармен араласа білуі қажет. Әр бала - жеке тұлға. Мұндай балалардың да лайықты білім алуға құқықтары бар», - дейді педагогика ғылымдарының докторы, профессор Зүлфия Мөвкебаева.
Жиында білім берудің жаңа инклюзивті деңгейі өте қымбат тұратыны да айтылды. Осыған қарамастан бұл заманауи білім беру жүйесі аса қажет, себебі сапалы да тиімді білім алу маңызды фактор болып табылады. Сонымен бірге, отандық педагогикалық жоғары мектептердің өзінің инклюзивті білім беру жүйесін қазірден бастап қалыптасыру қажеттігі де сөз болды.