Оқжетпес» пен «Қайсар» оянды!

жұрт аутсайдер деп қатардан сызып тастаған «Қайсар» мен «Оқжетпес» жеңіске жетті. Көш соңындағы қос команда тізгін басындағыларды тізе бүктірді.

«Қайсар» өз алаңында «Ертісті» ұтса (2:0), «Оқжетпес» елордада «Астананың» адымын аштырған жоқ - 4:1. Бұл екі команданың биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңістері.

«Тараз» өз алаңында «Ордабасыны» ұтты - 2:1. Дәл осындай есеппен «Ақжайық» сырт алаңда «Жетісуді» жеңді. Алматыда «Сұңқар» мен «Тобыл» тең тарқасты - 0:0.

«Шахтер» сырт алаңда «Атыраудан» басым түсті - 2:0. «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбемен» ұпай бөлісті - 1:1.