Н.Тарханееваның айтуынша, жаңа рейсті ашуға Қазақстан мен Уралдың бизнес-қоғамдастықтары арасындағы барыс-келістің артуы мен екі аймақ ортасында әуе қатынасының жоқтығы түрткі болған. "Бұл бағыттың қызметін машина жасау зауыты, банктер, мұнай компанияларының өкілдері мен туристер тұтынады деп сенеміз",- деді ол. Бұл рейсті Ту-134 ұшағы атқаратын болады, деді агенттік төрайымы.
Н.Тарханееваның хабарлауынша, "Орал әуе желілері" компаниясы бұған дейін Екатеринбург -Астана бағытындағы рейсті жүзеге асырып келген. Алайда, қазақстанның іскерлік орталығы Алматы екендігіне байланысты аталмыш рейс уақытша тоқтатылған болатын. "Мүмкін келешекте біз Астанадағы жұмысымызды одан әрі жалғастыратын шығармыз" деді ол.