Орал маңында шашылып жатқан адам сүйектері мен киім қалдықтары табылды

Бұл туралы Sn.kz «Уральская неделя»-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Өз есімін белгісіз қалдырған ер адам балық аулауға шыққанын айтып отыр. Ол балыққа қажетті жауынқұрттарын қазып алмақ болған сәтте адам қалдықтарына тап болған. Ер азамат дереу полиция мен журналистерге хабар беріпті.

Адам сүйегі мен киім қалдықтарының табылғанын оқиға орнына жеткен журналистер де растап отыр.