13 миллиард теңгеден асатын инвестиция тартты. Нәтижелі жүзеге асқан жобалардың саны 20-дан астам. Осыған орай биыл Орал қаласында бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталмақ. Мұнымен қоса облыстың оңтүстігінде яғни Шұғылда калий тұзы игеріле бастайды. Егерде шикізат қоры жеткілікті екендігі расталса, келешекте мұнда 3000-ға жуық адам тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етілмек. Сондай-ақ Теректі ауданына қарасты Пойма селосында индустриалды аймақ құрылады деп жоспарланып отыр. Атап айтсақ, мұнда жаңа логистикалық орталық ашылмақ. Себебі жақын маңда әуежай, темір және автомобиль жолдары бар. Қазір жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жетілдірілу үстінде. Бүгінде Түркияның бес бірдей компаниясы дәл осы индустриалды аймақта өндіріс орындарын ашуға қызығушылық танытуда.
Ержан Балтаев, «Орал» ӘКК» ҰҚ» АҚ төрағасы:
- Ресей, Беларусь елдерімен біздің ішкі нарығымыз бір. Енді міне, Армения да қосылуға қызығушылық танытуда. Мемлекет өз есебінен қажетті инфрақұрылымның барлығын тартып беруімен қоса инвесторларға берілетін инвестициялық артықшылықтардың болуы оларды қызықтырып отыр, - деп хабарлайды http://24.kz/kz.