Орал қалалық билігі қала салу жөніндегі бас жоспарға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр



Әкімнің айтуынша, Оралдың бас жоспарында қазір салынып жатқан жаңа тұрғын үйлер мен жаңа ықшам аудандар ескерілмеген. "Қала солтүстік-шығыс бағытта дамуға тиіс. Ол үшін қазіргі бас жоспарды өзгерту керек",- деді әкім.

"Алайда бұл процедураға республика үкіметі араласуға тиіс. Біз бас жоспарға үкіметтің қаулысынан кейін ғана өзгеріс енгізе аламыз",- деді С.Мұташев. Өйткені, облыс орталығы қанат жаяды деп межеленген Оралдың солтүстік-шығыс бөлігі Зеленов ауданына қарасты жерлерге жатады, дейді әкім. "Сол себепті үкіметтің арнаулы қаулысы қабылдануға тиіс. Қазір біз осы шаруамен айналысып жатырмыз",- деді қала әкімі.

2007-жылы қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде жеке баспана тұрғызуға 50 жер телімі бөлінеді деп күтілуде. Бұл жерге су құбырлары мен электр жалғастыру желілері тартылады. Жаңа ықшам аудандарда жеке баспаналар тұрғызуға жер телімдерін бөлмей тұрып, әкімшілік бұл ауданға қажетті коммуникациялар тарту мәселесін шешіп алмақшы.

Тұтастай алғанда 2007-жылы құрылыс салуға арнап шамамен 650 жер телімін бөлу межеленген, деді әкім.

Қалалық әкімшіліктің мәліметіне сәйкес, қазіргі жағдаймен белгілі бір ықшам аудандарда коммуникациялық жүйелердің жоқтығына байланысты жер телімдерін беру уақытша тоқталылған. Оралда жер телімін алуға 10 мыңдай адам кезекте тұр.