Орал қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

1957-жылы туған В.Лян Ленин атындағы Қазақстан политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген. Соңғы уақытта Алматыдағы "Аладит" ЖШС-нің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған.

Орал қаласы әкімінің орынбасары лауазымында ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесімен айналысады.
Бұған дейін әкімнің орынбасары орынтағын иемденген Ғайса Қапақов облыстық құрылыс және сәулет басқармасының бастығына тағайындалды.