Орал қаласында 28 жасар әйел есірткімен ұсталды

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 15 мамыр күні есірткі сатушы 0,26 грамм героинді, 17 мамыр күні аталған есірткі затының 0,3 грамын өткізген.

18 мамыр күні есірткі сатушының үйін тексеру кезінде полицейлер 0,4 грамм героинді тәркіледі. Сондай-ақ күдіктінің жеке басын тексеру барысында 1,69 грамм героин табылған.