Caravan Logo

Орал қаласының 23 жасар тұрғыны есірткімен ұсталды

Орал қаласының 23 жасар тұрғыны есірткімен ұсталды

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен Гүлжан Қанатованың хабарлағанындай, аталмыш азамат 24, 28, 30 қараша күндері сіріңке қорабына салынған кептірілген марихуана сатқан. Оның жалпы салмағы 7,53 грамды құрады. 5 желтоқсан күні есірткі сатушы өз үйінің кіреберісінен ұсталды. Оның қалтасынан 1,48 грамм есірткі шықса, пәтерінен 5,61 грамм марихуана табылған.

Есірткі сатушы уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.