«Сот сараптамасының нәтижесіне сүйенсек, аталған азамат интернетке әлеуметтік және діни алауыздық тудыруға бағытталған аудио лекциялар орналастырған», - деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Қазір ол қамауға алынып, үстінен Қылмыстық кодекстің 1-бөлімі 164-бабы бойынша іс қозғалды.