Бұл туралы «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
Әуежай басшылығы реагенттерді пайдалануға тыйым салынғаны туралы ақпарды 24-қараша күні «Қазаэрожоба» АҚ-нан алды(ұшып-қону жолағын қайта қалпына келтіру жобасын жасаған компания).
«Бұл талапты сақтайтын болсақ Орал әуежайының күз-қыс маусымында жұмыс істеуі екіталай», - делінген хабарламада.