Орал сазы» ансамблі Ватиканда өнер көрсетпек

Астанада жыл сайын өтіп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезіне биыл 10 жыл толғалы отыр. Соған орай Рим папасы Бенедикт ХVІ қазақстандықтарды өз еліне ша­қырған болатын. ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми бастаған ресми делегацияның құ­рамында БҚО әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен де бар.

Осы шара аясында еліміздің атынан Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның «Орал сазы» фольклорлық-этнография­лық ансамблі Ватиканда өнер көрсетпек.