"Орал турбина зауыты" ЖАҚ (Екатеринбор, Ресей) "Севказэнерго" АҚ-мен арада (Солтүстік Қазақстан облысы) Петропавл жылу электр станциясына Т-95 бу турбинасын жеткізіп беру туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлады сейсенбіде зауыттың баспасөз қызметінен.
"Келісішартқа орай турбина Қазақстанға 2014 жылдың желтоқсан айында жеткізілмек. Бұл Петропавл жылу электр станциясы тарапынан тапсырыс берілген үшінші машина, делінген онда.
Турбиналар тараптар арасында 2012 жылы қол қойылған меморандумға орай жеткізіліп отыр.
"Меморандум шарттарына орай "Орал турбина зауыты" төрт жаңа турбина беріп, Петропавл жылу электр станциясы-2 мен Павлодар жылу электр станциясы –3-ке орнатылған үш бұрынғы бу турбиналарын жаңалайтын болады.
Меморандумға орай жабдықтың құны шамамен 120 млн доллар", делінген онда.
"Севказэнерго" АҚ - вертикалды-интеграцияланған компания, оған Солтүстік Қазақстан облысының энергиямен қамсыздандырудың бүкіл буындары енгізілген.