Оралда 1-сыныпқа баратын бүлдіршіндерге арнап оқушы киімін тігуге 5 млн. теңге жұмсалды

Басқарма мәліметі бойынша, биыл Орал мектептері бірінші сыныпқа 2703 бала қабылдайды. Бір оқушы киімі 1790 теңгеге бағаланып отыр.

Тұтастай алғанда, Оралда 45 жалпы білім беру ошақтары жұмыс істейді. Биылғы жылы қалалық бюджеттен мектептерді жөндеуге 18 млн. 200 мың теңге бөлінді. Басқарма төрағасы Даир Сапаровтың айтуынша, бөлінген қаржының басым бөлігі күрделі жөндеуді айрықша талап еткен 30 мектепке үлестірілді. Атап айтсақ, №21 және №32 мектептерде ғимараттың шатыры жөнделсе, Меловые горки мектебінде жылыту жүйесі жаңартылды.