Министрлік ақпаратына сәйкес, қаладағы "Еркемай" атты балабақшада тәрбиеленетін бүлдіршіндер қыркүйектің 22-мен 27-сі аралығында қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. 23-қыркүйектен бастап балабақшаның жұмысы доғарылды. 25 баланың бәрі де стационарда емделіп жатыр,- делінген хабарламада.
Науқастардың жағдайы бірқалыпты, жаңадан ауру жұқтырғандар тіркелген жоқ. Ал ауырған балалармен байланыста болғандар учаскелік балалар дәрігерлерінің бақылауында,- деп хабарлайды министрлік.