Оралда -27 градус суық. Сабақтар тоқтатылды


Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды. 

БҚО-дағы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, төмен ауа температурасына байланысты 1-ші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылған. Таңертең қалада термометр -27 градусқа дейін төмендегенін көрсетсе, ал желдің соғуы секундына 3 метрге жеткен.