Оралда 54 адам белгісіз бір газ заттарынан уланып ауруханаға жеткізілді

"Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің бес қабатты жатақханасында 7 наурызда 2 сағат 48 минутта 54 адам белгісіз бір газдан уланып, ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі реанимация бөлімінде жатыр. 500 адам сыртқа шығарылды", - деп түсіндірді ТЖМ.

ТЖМ оқиғаның себеп салдарын анықтауда.