Зиялы қауым өкілдері, мектеп оқушылары мен жастар көбірек қатысқан шарада ақындар Қайрат Жұмағалиев пен Ақұштап Бақтыгереева, әдебиетші-ғалым Серікқали Шарабасов, өлкетанушы Жайсаң Ақбай Абай өлеңдері мен қара сөздерінің мәңгі өлмейтіндігін атап өтті.
Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның жас әншісі Еркін Өтегенов Абай әндерін әуелетсе, қаладағы «Жас дәурен» балалар кешені мен №36 орта мектеп оқушылары өлеңдері мен қара сөзінен үзінділер оқыды.
Осындай кештер кітапханалар мен облыс аудандарында да ұйымдастырылды.