Оралда адасқан қыздың анасы табылды

Бұл отбасы Оралдан 70 шақырым жердегі Феодоровка ауылында тұрады екен. Бүлдіршінді облыс орталығына туыстарымен көріскісі келген әкесі ертіп әкеліпті. Бес күн бұрын ол әйеліне қоңырау шалып, қызынан көз жазып қалғанан хабарлаған. Кейін телефонын өшіріп, өзі де ұшты-күйлі жоғалыпты. Қызына таныстары арқылы іздеу салған шешесі болған жәйтті полицияға айтпай, теледидардан оны кездейсоқ көріп қалған. Айтуынша, әкесі Әйгерімді алып кеткенде өзі үйде болмапты. Әйтпесе, жібермес едім дейді. Ал күйеуі араққа салынған екен.  


Ғалия Танташева, Әйгерімнің анасы:  

-Енді бүгін алып кетем. Енді ешкімге, жолдасыма ешқашан  бермеймін.