Оралда әйел мен баланы кепілдікке алып, оларды босату үшін 6 млн теңге талап еткен ер адам қамауға алынды

Оның айтуынша, қылмыскер әйел мен баланы өздерінің Оралдағы пәтерлерінен ұрлап кеткен.

Кепілге алынғандарды босату бойынша арнайы операцияны "Арлан" арнайы қызмет бөлімшесінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері, Батыс Қазақстан облысының ҰҚК департаментінің қызметкерлері мен ІІД оперативтік-тергеу тобы жүргізді.

Қылмыскер 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі талап етілген соманың бір бөлігін берер кезде тұтқындалды. Әйел мен бала аман-есен босатылды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарын БҚО ІІД тергеу басқармасы жүргізуде.